"Исламға қарсы, өз мұғалімімен ойнастық жасап үйленген адам": Франция президентінен жаппай қолтаңба сұраған қазақ қыздары елдің ашуына тиді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Исламға қарсы, өз мұғалімімен ойнастық жасап үйленген адам": Франция президентінен жаппай қолтаңба сұраған қазақ қыздары елдің ашуына тиді

"Исламға қарсы, өз мұғалімімен ойнастық жасап үйленген адам": Франция президентінен жаппай қолтаңба сұраған қазақ қыздары елдің ашуына тиді

Күні кеше елордаға Франция Президенті Эмманюэль Макрон келді.

  • 2 Қараша 2023
  • 147
Фото - Caravan.kz

Астанадағы университеттердің бірінің студенттерімен кездескен ол, жастармен жылы жүздесіп, қолтаңбасын берген. Десе де көпке ел студенттерінің жарыса қолтаңба сұрап, оны таптап кете жаздаған қылықтары ұнамаған, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы. 

Президенттің студенттермен кездесуін белгілі тележурналист Ерболат Мұхаметжан желідегі парақшасында салды. Онда ол: 

"Бүгін біздің университетімізде Франция Президенті Эммануэль Макрон студенттерге лекция оқыды. Макронның өзін-өзі ұстауы, қарапайымдылығы, сосын ашықтығы ұнады. Студенттердің бірде-бір сұрағын жауапсыз қалдырмады. Жауаптары да нақты әрі толыққанды болды.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен арнайы келген Макрон мырзаның Maqsut Narikbayev University-де лекция оқығаны шыны керек тарихта қалады деген сенімдемін. Біз үшін бұл бір жаңа белес болды. P.S. Видео авторы өзім, егер журналист әріптестерім қажет деп тапсаңыздар жекеге жібере аламын", — деп жазды ол. 

Десе де көпшілікке қазақ студенттерінің бұл қылығы еш ұнамаған. Олар: 

"Исламға қарсы адам, несіне жарысып қолтаңба алып жатырсыңдар?", "Бұл президент Ислам дініне қарсы адамғой қарапайым болғаны не керек", "Жиеркенішті адам, қолтаңба алу түгілі амандасуға лайықты емессіз, Исламға қарсы адам, өз мұғәлімімен ойнастық жасап үйленген адам, біз бұндай адамдар үлгі алмауымыз керек", "Жетіскен екенсіздер онда" деп жазды желі қолданушылары.