Испания чемпионатында «Барселона» 62 ұпай жинап, көш бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+6 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Испания чемпионатында «Барселона» 62 ұпай жинап, көш бастады

Испания чемпионатында «Барселона» 62 ұпай жинап, көш бастады

Футболды сүйсіне қарайтын қазақстандық жанкүйерлер шетелдік клубтардың да тартысты бәсекелеріне ерекше назар аударатыны анық. 

  • 10 Наурыз 2015
  • 379
Фото - Caravan.kz

Әсіресе, әлемдік футбол жұлдыздары ойнайтын Испания чемпионатындағы әйгілі клубтардың ойындарын тамашалайтындар аз емес.

Осы уақытқа дейін көш бастап келе жатқан Мадридтің «Реалы» «Атлетик» ойыншыларынан 1:0 есебімен ұтылып, екінші орынға түсіп қалды. 26-тур ойындарын өткізген «Барселона» өз алаңында «Райо Вальекано» командасын қабылдап, 6:1 есебімен ойсырата жеңді. Әйгілі аргентиналық Лионель Месси хет-трик жасап, үш голдың авторы атанды.

Сөйтіп, 26 ойыннан кейін «Барселона» 62 ұпай жинап, бірінші орынға көтерілді, ал «Реалдың» 61 ұпайы бар. Үшінші орында 55 ұпай жинаған «Атлетико» командасы келеді.


Айта кету керек, осы чемпионат барысында «Барселона» төрт-ақ рет ұтылып, екі рет тең ойнаған. Ал «Реал» қарсыластарына 5 рет ұтылып, 1 рет тең түсіпті. Осы екі команданың да жеңістері тең, яғни, 20 рет өзге командалардан басым түскен.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера