Испания Корольдігінің Үкімет басшысы Қазақстанға ресми іс-сапармен келеді
16-17 маусым аралығында Испания Корольдігінің Үкімет басшысы Хосе Луис Родригес Сапатеро Қазақстанға ресми іс-сапармен келеді. Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов мәлім етті. |
Сапар барысында Сапатеро мырза Қазақстан басшылығы деңгейінде келіссөздер өткізіп, стратегиялық маңызды салалар бойынша өзара ынтымақтастық байланыстарын дамыту жолдарын талқылайтын болады. Сондай-ақ екіжақты сауда-экономикалық қатынастарды нығайту мақсатында Үкімет басшыларының кездесуі өтеді. Оған Қазақстан мен Испанияның ірі компанияларының өкілдері қатысады. Іс-сапардың қорытындысы бойынша үкіметаралық, мекемеаралық және коммерциялық келісімдерге қол қою жоспарланған.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін