Испания Корольдігінің Үкімет басшысы Қазақстанға ресми іс-сапармен келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Испания Корольдігінің Үкімет басшысы Қазақстанға ресми іс-сапармен келеді

Испания Корольдігінің Үкімет басшысы Қазақстанға ресми іс-сапармен келеді

16-17 маусым аралығында Испания Корольдігінің Үкімет басшысы Хосе Луис Родригес Сапатеро Қазақстанға ресми іс-сапармен келеді. Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов мәлім етті.

  • 13 Маусым 2011
  • 398
Фото - Caravan.kz


Сапар барысында Сапатеро мырза Қазақстан басшылығы деңгейінде келіссөздер өткізіп, стратегиялық маңызды салалар бойынша өзара ынтымақтастық байланыстарын дамыту жолдарын талқылайтын болады. Сондай-ақ екіжақты сауда-экономикалық қатынастарды нығайту мақсатында Үкімет басшыларының кездесуі өтеді. Оған Қазақстан мен Испанияның ірі компанияларының өкілдері қатысады. Іс-сапардың қорытындысы бойынша үкіметаралық, мекемеаралық және коммерциялық келісімдерге қол қою жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар