Caravan Logo

Испания: мафия жетекшілерінің бірі үйінің асынан ұра қазып, қыруар ақшаны сонда сақтаған

Испания: мафия жетекшілерінің бірі үйінің асынан ұра қазып, қыруар ақшаны сонда сақтаған


Үй ішіндегі жертөлеге жасырылған ақшаны алып шығу үшін тәртіп сақшыларына біраз тер төгуге тура келді. Бірнеше жәшікке салынған еуроның салмағының өзі 500 келіден асады екен. Үй иесі тура аяғының астында жатқан ақшаны менікі емес деп жалтарып отыр. Бірақ полиция оны мафия жетекшілерінің бірі дейді. Онымен істес болған 20 сыбайласы да қамауға алынып, қазір олардың үйлерінде де тінту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ қылмыстық топтың “люкс” санатындағы бірнеше көліктері мен ондаған зәулім сарайлары мемлекет меншігіне өтті. Айта кетейік, мұндай ірі көлемдегі қолма-қол ақшаны испан тәртіп сақшылары алғаш рет тәркілеп отыр.