Испанияда «Астана» велокомандасының маусымашар шарасы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Испанияда «Астана» велокомандасының маусымашар шарасы өтеді

Испанияда «Астана» велокомандасының маусымашар шарасы өтеді

«Астана» велокомандасының жаңа маусымда сынға түсетін спортшыларының таныстырылымы өтеді.

  • 30 Қаңтар 2012
  • 488
Фото - Caravan.kz

«Аламан» ұлттық спорт порталының мәліметінше, қаңтардың соңы қазақ велоспорты үшін айтулы күн болмақ. Ел абыройын арқалап жүрген «Астана» велокомандасының маусымашар тойы өтпек. Испанияның Валенсия қаласына қарасты Кальпе аймағында болатын бұл тойдың жөні бөлек. Жиында «Астананың» жаңа маусымда сынға түсетін спортшыларының таныстырылымы өтеді. Бұған қоса, команданың киімі, тебер велосипеді жанкүйер назарына ұсынылады. Жыл сайын команданың тұсауын жер жерде кесу дәстүрге айналдырған. Мәселен, маусымашар тойы 2007 жылы Астанада өткен. Кейін Швейцария мен Монако қабылдады. Ендігі кезек — Испанияда.

Бұл басқосуға кәрі құрлықтың түпкір-түпкірінен белді спортшылар, спорт шенеуніктері келеді деп күтілуде. Бұған қоса, маусымашар тойдан ақпарат таратуға елуден астам тілшілер келмек. Біздің елден бұл тойға арнайы делегация 29 қаңтар күні аттанады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера