Caravan Logo

Испанияда Сенегалдан барған мигрант лотереядан 400 мың еуро ұтып алды

Испанияда Сенегалдан барған мигрант лотереядан 400 мың еуро ұтып алды

Жергілікті БАҚ хабарлағандай, 35 жастағы ер адамның есімі - Нгаме. Испаниялық жағалау күзеті сегіз жыл бұрын Нгаме мен оның әйелін құтқарған. Олар Мароккодан Еуропаға жету үшін отырған кеме суға кеткен. Олардың тұрмысы нашар болған. Нгаме - Испанияның оңтүстігіндегі шағын Рокетас-де-Мар қаласында лотерея билетін сатып алған 1600 тұрғынның бірі. 

«Сенер емеспін. Кей күндері әйелім екеуіміздің қалтамызда бес еуро да болмайды», - деді ер адам жергілікті газетке.


Аталған лотерея 1812 жылдан бері үздіксіз өткізіліп келеді. Оның өтуіне 1936-1939 жылдардағы азаматтық соғыс та кедергі келтіре алмаған.