Испанияда үкіметке қарсы шерулер өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Испанияда үкіметке қарсы шерулер өтті

Испанияда үкіметке қарсы шерулер өтті

Испания астанасы Мадридтегі парламент ғимаратының алдына елдің түкпір-түкпірінен мыңдаған адам жиналып, үкіметтің дағдарысқа қарсы қатаң шараларына наразылық білдірді.

  • 28 Қазан 2012
  • 368
Фото - Caravan.kz

Олар үкіметтің орнынан түсуін талап етті.

Бұл жерге қоғамдық тәртіпті сақтау үшін әкелінген жүздеген полицейлердің өздері де бюджеттык қысқартуларға таяуда ғана қарсылық жиынын өткізген еді.

Келер жылы бюджет шығысын 40 миллиард еуроға дейін қысқартуды көздеп отырған премьер-министр Мариано Рахойдың үкіметіне қарсы шерулер кеше Испанияның Барселона, Валенсия және тағы да басқа қалаларында өтті.

Осы аптада испан экономикасының ахуалы туралы жаңа мәліметтер жарияланды. Бұл мәліметтерге қарағанда, елдегі еңбекке жарамды азаматтардың төрттен бірі жұмыссыз, деп хабарлайды «Азаттық».

Соңғы жаңалықтар