Испаниялық Repsol мен ҚМГ үшінші елдердегі мұнай жобаларына бірлесіп қатыса алады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Испаниялық Repsol мен ҚМГ үшінші елдердегі мұнай жобаларына бірлесіп қатыса алады

Испаниялық Repsol мен ҚМГ үшінші елдердегі мұнай жобаларына бірлесіп қатыса алады

Испанияның Repsol мұнай компаниясы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ –мен (ҚМГ) бірлесіп үшінші елдердегі жобаларды жүзеге асыра алады, деп мәлім етті ҚМГ басшысы Қайыргелді Қабылдин.

  • 17 Маусым 2011
  • 440
Фото - Caravan.kz

«Repsol өздерінің қатысу жобаларының халықаралық портфелін, ал ҚМГ үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының аясында Қазақстандағы индустриалды жобаларға қатысуды қарастыруға ұсынады»,- деді ол жұма күні үкіметте.

Сондай-ақ, ол ҚМГ мен Repsol «Адай» блогында геофизикалық зерттеулер жүргізіп жатқанын хабарлады.

«Біз оларға (Repsol-ға — ҚазТАГ) «Адай» блогын ұсындық, ол жерде зерттеу жүргізіліп жатыр, кейін перспектива болса, алдағы уақытқа келісімге қол қоямыз. Әзірге геофизикалық зерттеу туралы ғана айтылып отыр», — деді Қ. Кабылдин.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ – Қазақстанның мұнай-газ саласында мемлекеттің мүдделеріне өкілеттік ететін, көмірсутекті барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдау бойынша ұлттық оператор. «ҚМГ» АҚ акцияларының 100% «Самұрық-Қазына» ҰӘқ» АҚ-на тиесілі.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ Маңғыстау және Атырау облыстарында 44 мұнай-газ кен орнына иелік етеді. Компания Қазақстан аумағындағы басты мұнай өңдеуші зауыттардың ( «Атырау МӨЗ» ЖШС; «ПетроҚазақстанОйл Продактс» ЖШС; «Павлодар МХЗ» АҚ) активтерін басқарады және Румынияда мұнай өңдеу зауыттары бар.

Repsol YPF мұнай-газ тобы 1999 жылы испаниялық Repsol мен аргентиналық YPF (концессия 20 жылға) бірігуі арқылы құрылды. Топтың қызметі Латын Америкасында кеңінен дамыған, әлемдегі ірі мұнай-газ компанияларының ондығына кіреді, 29 елде мұнай және газ өндіреді.

Күніне мұнай эквивалентінде 1,2 миллион баррель мұнай және газ өндіреді. Басты акционерлері: Sacyr Vallehermoso S.A. (20,01%), Criteria Caixa Corp. (14,29%), Petroleos Mexicanos (4,9%), Chase Nominees Ltd (9,83%), Axa S.A. (4,21%.

Соңғы жаңалықтар