"Испаниялықпен төбелесіп": Ләйлә Сұлтанқызы басынан өткен жағдайымен бөлісті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Испаниялықпен төбелесіп": Ләйлә Сұлтанқызы басынан өткен жағдайымен бөлісті

"Испаниялықпен төбелесіп": Ләйлә Сұлтанқызы басынан өткен жағдайымен бөлісті

Ләйлә Сұлтанқызы басынан өткен жағдай туралы айтып берді.

  • 23 Шiлде 2019
  • 14
Фото - Caravan.kz

Белгілі журналист әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа заманның балаларының сана-сезімі туралы айтып берді. Тіл білген бала ештеңеден қорықпай, өзін қорғай алады, құқығын толығымен біледі дейді ол.

"Қазіргі балаларда ешқандай шекара жоқ. Қорықпайды. Тіл білсе адаспайды, құқығы бұзылса төбелесе кетеді, кез келген ортада өздерін сыйлата біледі. Жаңа нәрсеге ұмтылғыш", — деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Осылайша Ләйлә Сұлтанқызы басынан өткен оқиғамен бөліскен. Тележүргізушінің үлкен ұлы шетелде испандық баламен төбелесіп қалған. Артынша баласы өзінікі дұрыс екенін дәлелдеп, жеңіп шыққан көрінеді. Журналист бірінші кезекте ұл балаға өзін қорғауды үйрету керек екенін айтты.

"Сыйлата біледіден шығады, бүгін үлкенім бір испаниялықпен төбелесіп қалыпты. Неге десем, өйткені 2 рет мазақтады, қой дедім, қоймады. 3- рет унижать еткенде бір ұрған ғой. Екеуін тренерлер шақырып мән жайды білген соң, испаниялыққа ескерту жасапты. Басында уайымдағанмын, артынан баламдыкі дұрыс екенін түсіндім. Ұлдарға жақсы оқы деген де дұрыс, бірақ бастысы өз-өзіңді қорғай білуің керек деп үйреткен маңыздырақ!"- дейді Ләйлә Сұлтанқызы.


Соңғы жаңалықтар