"Испат-Кармет" ААҚ-ның иелігіндегі кәсіпорындарды қайта құру кәсіподақтардың қатаң бақылауында жүзеге асырылады - kaz.caravan.kz
  • $ 515.89
  • 536.32
-12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Испат-Кармет" ААҚ-ның иелігіндегі кәсіпорындарды қайта құру кәсіподақтардың қатаң бақылауында жүзеге асырылады

"Испат-Кармет" ААҚ-ның иелігіндегі кәсіпорындарды қайта құру кәсіподақтардың қатаң бақылауында жүзеге асырылады

Таяу уақыттарда "Испат-Кармет" ААҚ-ның иелігіндегі кәсіпорындарды қайта құру жүзеге асырылмақ. Соның нәтижесінде акционерлік қоғамның барлық қосалқы және әлеуметтік бөлімдері дербес заңды тұлғаға айналады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 17 Маусым 2003
  • 623
Фото - Caravan.kz

Олардың арасында тағам комбинаты, емхана және басқа да әлеуметтік нысандар бар. Кәсіпорын басшылығынан комбинаттың кәсіподақ комитетіне жолдаған ресми ескертпе хатта атап көрсетілгеніндей, «Испат-Кармет»-тен басқа LNM тобына жататын кәсіпорындардың бірде-бірінде мұндай бөлімдер жоқ. «Испат-Кармет» ААҚ кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары Владимир Дубининнің айтуынша, қайта құру жұмыстары кәсіподақ комитетімен келісім негізінде жүзеге асырылады.