Жарияланды: 340

ІТ - технологиялар саласындағы отандық компаниялар соңғы 5 жылда айтарлықтай кәсіби тұрғыда өсті

ІТ - технологиялар саласындағы отандық компаниялар соңғы 5 жылда айтарлықтай кәсіби тұрғыда өсті.

Бұл туралы бүгін «Kazakhstan Information Technologies -2012» көрме-конференциясы барысында ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі Сәкен Сәрсенов мәлім етті. «Елімізде ІТ - саласы жыл сайын 13-18 пайызға өсіп келеді. Осыған байланысты бұл көрсеткішке тек мемлекеттік органдар ғана емес, сонымен қатар жеке компаниялар да ықпал етуде. Бұл өз кезегінде бизнестің өсіп отырғанын, сондай-ақ олардың әл-ауқаты артып келе жатқандығын көрсетеді»,-деді вице-министр. Осы орайда ол бұл саладағы қазақстандық компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі де қарқын алып келе жатқанын тілге тиек етті. «Соңғы 5 жылда біздің нарық айтарлықтай кәсіби тұрғыда өсті. Көптеген мемлекеттік жобалар, яғни оның ішіндегі «электрондық үкімет» жобасы негізінен отандық компаниялармен жүзеге асырылуда. Шамамен бұл көрсеткіш 80 пайызды құрап отыр»,-деп атап өтті С. Сәрсенов. Айта кетейік бүгінгі шара барысында саланың түрлі бағыттарын қамтып отырған 20-дан астам үздік жобалар іріктелініп, көпшілік назарына ұсынылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін