Сапар аясында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Италия үкіметінің төрағасы Сильвио Берлусконидің кездесуі болып, онда екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Содан кейін Италия үкіметінің басшысы Астананың көрікті жерлерімен танысты.
С.Берлускони Есілдің сол жағалауында заманауи қала — Қазақстанның жаңа елордасын тұрғызған сәулетшілер мен құрылысшылардың жұмысына жоғары баға берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті