Италияда 800 адам қаза тапқан кеме капитаны қамауға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Италияда 800 адам қаза тапқан  кеме капитаны қамауға алынды

Италияда 800 адам қаза тапқан кеме капитаны қамауға алынды

Жерорта теңізінде су астына кеткен кеме капитаны Италияда қамауға алынды. Сол апат салдарынан 800 африкалық мигрант көз жұмған болатын. Кемеде тек 28 жолаушы тірі қалған.

  • 22 Сәуiр 2015
  • 248
Фото - Caravan.kz

Капитанмен қоса оның көмекшісі де қамалды. Оларға адам тасымалымен заңсыз айналысты деген айып тағылып отыр. Грекиядағы Родос аралының маңында да осындай африкалық мигранттар міңгескен кеме апатқа ұшыраған. Одан 93 адам құтқарылды. Үшеуі қаза тапқан. Италия мен Мальтаның құтқару қызметі тағы екі кеме жолаушыларын құтқарумен айналысты. Жалпы осы 4 жағдай бойынша 24 адам істі болып отыр. Олар Эфиопия мен Эритрея азаматтарын Ливия арқылы Италияға жеткізбек болыпты.