Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Салерно қаласындағы бар мен шаштараз секілді үш мекемеге жексенбі күні бірінші болып айыппұл салынды. Олар жұма күні қабылданған масканы жабық мекемелерде тағуды талап ететін жарлықты орындамағаны белгілі болды.
Жарлықтың негізгі шараларының бірі – жабық мекемелерде, қоғамдық орындарда, супермаркеттерде, барларда, мейрамханаларда, дүкендер мен қоғамдық көлікте маска тақпағандарға 1 мың еуро мөлшерінде айыппұл салу.
Ережеге сәйкес, көлік операторлары маска тақпаған жолаушыларды кіргізуге тыйым салуға міндетті. Егер мұндай жолаушылар көлікке мінсе, оларға айыппұл салынуы және көліктен түсірілуі тиіс. Егер олар одан бас тартса, «автобус немесе поезд тоқтайды» және «полицияның шақырылады». Егер құқық бұзушылық коммерциялық қызметті жүзеге асыру кезінде жасалса, кәсіпорындар да жауапқа тартылады.
1 мың еуро айыппұлдан бөлек, бизнес 5-тен 30 күнге дейінгі мерзімге жабылуы мүмкін.
Италия – коронавирустан қатты зардап шеккен Еуропадағы алғашқы ел. Мұнда ауру жұқтырған 242 000–нан астам жағдай тіркелген, 35 мыңнан астам адам қайтыс болған.
Өткен сенбіде елде коронавирусқа шалдығудың 275 жаңа дерегі, бес өлім жағдайы тіркелді.