Италияда мерейтойлық Венеция кинофестивалі ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Италияда мерейтойлық Венеция кинофестивалі ашылады

Италияда мерейтойлық Венеция кинофестивалі ашылады

Италияда Адриат теңізіндегі Лидо аралында бүгін 70-ші Венеция кинофестивалі ашылады. Фестивальдың қазылар алқасы мен қонақтарын Альфонсо Куарона құттықтап, «Гравитация» фильмімен ашады, онда басты рөлдерде Джордж Кулуни мен Сандра Буллок ойнайды, деп хабарлады РБК.

  • 28 Тамыз 2013
  • 367
Фото - Caravan.kz

Картина ғарыш кемесіндегі апат туралы баяндайды, оның салдарынан екі астронавт ашық ғарышта құтқарылуға үмітсіз жағдайда қалады.

Конкусстық бағдарламаға түрлі жанрдағы 20 фильм енгізілді. Олардың арасында жапондық Хайао Миядзакидің «Жел күшейіп келеді» анимациясы, Джонатан Глэйзердің «Менің орнымда болсаң» фантастикалық трейлері, кореялық режиссер Ким Ки Дуктің «Мебиус», тайваньдық Цай Минлянның «Қаңғыбас иттер», британдық Терри Гиллиамның «Зеро теоремасы» фильмдері бар.

Фестивальде орыс кинематографистерінің туындылары жоқ. Дегенмен «Венеция классикасы» бағдарламасы ауқымында көрермендерге Алексей Германның «Менің досым Иван Лапшин» атты жаңғыртылған фильмі ұсынылады.


Ұйымдастырушылар екінші жыл қатарынан онлайн-залын ашты, онда әлемнің барлық пайдаланушылары «Горизонт» бағдарламасынан www.labiennale.org сайтында ағылшын тіліндегі субтитрлермен фильмдерді көре алады.

Фестиваль 7 қыркүйекте аяқталады.

Перейти к новостям спорта