Италияда Қазақстанның мәдени күндері ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Италияда Қазақстанның мәдени күндері ашылды

Италияда Қазақстанның мәдени күндері ашылды

Римде 21 наурызда «Қазақстан - менің балалық шағымның аспаны» атты Қазақстан Республикасының Италиядағы мәдени күндерінің ашылу салтанаты болды.

  • 25 Наурыз 2013
  • 542
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Ашылу салтанатына Италия елінің Мәдени мұра және мәдени қызмет, Сыртқы істер министрліктерінің өкілдері, Рим қаласының мэрі, дипломатикалық корпус, қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.

Қазақстан мәдени күндерінің ашылуы Наурыз мерекесіне орайластырылды. Ө сөзінде Италиядағы Қазақстан Елшісі Андриан Елемесов, «Наурыз мерекесінің Жер бетіндегі ежелгі мейрамдардың бірі» екендігін атап өтті.

Ашылу рәсімінде Қазақфильмнің «Небо моего детства» туындысы көрсетілді, домбыра мен қобыздың сүйемелдеуімен халық шығармалары орындалды.

Қазақстан Республикасының мәдени күндері Рим, Милан, Турин және Флоренцияда 30 наурызға дейін жалғасады.

Перейти к новостям спорта