Италияда жол апатына ұшыраған екі қазақстандық елге әкелінеді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Италияда жол апатына ұшыраған екі қазақстандық елге әкелінеді

Италияда жол апатына ұшыраған екі қазақстандық елге әкелінеді

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабаралады. 

  • 29 Мамыр 2019
  • 7
Фото - Caravan.kz

Қазақстанның Италиядағы Консулдығы еліміздің Сыртқы істер министрлігіне Италияда екі отандасымыздың жол апатына ұшырап, жергілікті стационарға түскенін хабарлаған.

"ҚР Сыртқы істер министрлігі ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне жерлестерімізді елге тасымалдау қажет деп хат жазды. Алдын ала медициналық құжаттар қаралды. Шетелдік мамандардың медициналық қорытындысана сүйенсек, пациенттердің жағдайы тұрақты ауыр, көптеген жарақат алған, оларды санитариялық авиациямен тасымалдау қажет. Өз кезегінде, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қос науқасты елге алып келуге дайын. Санавиацияның арнайы борты да əзір жəне пациенттер біліктілігі жоғары дəрігерлердің бақылауында болады. Санитариялық авиацияның мобильді бригадасы науқастарды тасымалдап қана коймай, өз кезінде мониторинг жүргізіп, отандастарымыздың жағдайын жіті қадағалайды, бортта қауіпсіздігін қамтамасыз етеді", — делінген таратылған ақпаратта.

Ұлттық жедел медицинаны үйлестіру орталығының мəліметінше, пациенттер алдағы тəулікте Алматыдағы медициналық мекемеге жеткізіледі. 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі шетелдердегі клиникаларда ауыр жағдайдағы, азаматтық рейстермен тасымалдауға жарамайтын науқастарды санитариялық авиациямен елге әкеледі. Бүгінге дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен санитариялық авиация 17 мың науқасты тасымалдаған. Оның 59-ның жағдайы өте ауыр болған.


Естеріңізге салсақ, 22 мамырда Италияда (Сиена провинциясында) туристік автобус апатқа ұшырады. Көліктің ішінде Қазақстан азаматтары да болған. Жол-көлік оқиғасы жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 09:30 орын алды. Автобус жыраға құлап, аударылған.

Италиядағы көлік апатында жарақат алған қазақстандық екі әйелді санавициямен әкелужағы қарастырылып жатқанын 27 мамырда өткен брифинг барысында ҚР СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеген болатын.

Соңғы жаңалықтар