Қазіргі жағдаймен Қазақстанға байланысты ақпараттарды ANSA ақпараттық агенттігінің Мәскеудегі бюросы таратады. «Осы аймақтағы ақпараттарды Қазақстандағы бюродан тарататын мерзім жетті»,- деді Д.Пекора.
Оның айтуынша, Қазақстанға «дүниежүзіндегі ірі мұнай сатушы елдердің бірі ретінде» Италиялық БАҚ-тар қызығушылық танытып отыр.
«Сонымен бірге мұнда Байқоңыр ғарыш айлағы орналасқан. Айлақтан өткен аптада Италиялық астронавт ғарышқа жол тартты»,- деді Д.Пекора. Агенттік сондай-ақ аймақтағы экологиялық ахуалға қатысты ақпараттарға да қызығушылық танытып отыр.
Қазақстандық бюрода жергілікті кәсіби журналистер жұмыс істейтін болады, ал біз «олардың ақпараттарын дүниежүзіне тарататын боламыз»,- деді Д.Пекора.