Италияның Ка Фоскари университетінде қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасын ашу көзделіп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Италияның Ка Фоскари университетінде қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасын ашу көзделіп отыр

Италияның Ка Фоскари университетінде қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасын ашу көзделіп отыр

Италияның Венеция қаласындағы Ка Фоскари университетінде қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасын ашу көзделіп отыр. Бұл туралы бүгін, 23-мамырда Италия елшілігінің Астанадағы жаңа ғимаратының тұсауксерінде осы елдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Диего Лоренсо Лонго құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 23 Мамыр 2005
  • 610
Фото - Caravan.kz

«Бұл бастаманың не себепті дәл Венецияда жүзеге асқалы отырғаны туралы сұрақ болмас деп ойлаймын. Өткені, екі ел тарихына бірдей енген атышулы көпес әрі саяхатшы Марко Поло дәл осы қалада дүниеге келгені белгілі»,- деді ол. Елшінің айтуынша, «Италияда қазақ тілі мен әдебиетін зерттеуге ниет білдірушілер көп».

Италияның еліміздегі елшісі осы орайда Қазақстан мен Италия арасында мәдениет және білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге кезінде қол қойылғанын еске сала кетті. Соған сәйкес қазақстандық студенттер жыл сайын Италияға білім алуға аттануда. Диего Лоренсо Лонгоның айтуынша, 2005-жылы Қазақстаннан 15 студент Италияда оқитын шәкіртақыға ие болды.
Елшінің айтуынша, Италияда оқып жатқан қазақстандық студенттерге ай сайын 620 евро көлемінде шәкіртақы бөлінеді. «Өз басым шәкіртақыға қазақстандық студенттердің Италияға барып-қайтатын жолақысы қамтылмайтынын ұнатпаймын»,- деді ол. Елші бұл — өз бетімен Италияға бара алмайтын адамдардың мүмкіндігін шектейді деген пікірде .