Иті үшін көршісін өлтірген жігіт сот алдында жауап беріп жатыр
|
Ақтөбе тұрғыны иті үшін кем дегенде 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 36 жастағы жігіт төбетін қуырдақ қып жеп қойған көршісін өлімші етіп сабады деген айыппен сот алдында жауап беріп жатыр.
Айтуынша, жоғалған итін іздеп үйінің маңында ескі тамға бас сұққан. Сөйтсе, көптен бергі құдайы көршісі қазанға тамақ пісіріп отырыпты. Тіпті шімірікпестен «сенін итің, алдыңғыларын да мен жеп қойғам» деп ағынан жарылған. Бұған шыдай алмаған күдікті 54 жастағы азаматқа жұдырық ала жүгіріпті. Ақыры үлкен жанжалға ұласқан төбелесті көршілері жабылып жатып әрең ажыратқан. Бірақ бір аптадан кейін марқұмның мәйіті мүлдем басқа жерден табылып отыр. Тәртіп сақшылары, марқұм ауыр соққыларды көтере алмай өлген деп шешім шығарып та қойған. Егер сот Нұрбек Иманәлиевты кінәлі деп тапса, иті үшін кек қайтарған жігіт 5 жылын темір торда өткізуі мүмкін.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін