Айтуынша, жоғалған итін іздеп үйінің маңында ескі тамға бас сұққан. Сөйтсе, көптен бергі құдайы көршісі қазанға тамақ пісіріп отырыпты. Тіпті шімірікпестен «сенін итің, алдыңғыларын да мен жеп қойғам» деп ағынан жарылған. Бұған шыдай алмаған күдікті 54 жастағы азаматқа жұдырық ала жүгіріпті. Ақыры үлкен жанжалға ұласқан төбелесті көршілері жабылып жатып әрең ажыратқан. Бірақ бір аптадан кейін марқұмның мәйіті мүлдем басқа жерден табылып отыр. Тәртіп сақшылары, марқұм ауыр соққыларды көтере алмай өлген деп шешім шығарып та қойған. Егер сот Нұрбек Иманәлиевты кінәлі деп тапса, иті үшін кек қайтарған жігіт 5 жылын темір торда өткізуі мүмкін.