"Итке сүйек тастағандай үймелетіп қойған әнші-құшнаштарда да ұят жоқ" Журналист әншілер мен халықты сынап тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Итке сүйек тастағандай үймелетіп қойған әнші-құшнаштарда да ұят жоқ" Журналист әншілер мен халықты сынап тастады

"Итке сүйек тастағандай үймелетіп қойған әнші-құшнаштарда да ұят жоқ" Журналист әншілер мен халықты сынап тастады

Журналист Жолымбет Мәкіш әншілерді де халықты да қатты сынап тастады. Оған түрткі болған Мадина Сәдуақасованың желідегі жазбасы. 

  • 1 Наурыз 2021
  • 803
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы тілшінің парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Халықты өсек пен қысыр әңгіме іздеп тұратын қара тобыр қылып тәрбиелеп жатқан екі нәрсе бар болса, соның біреуі — «Қалаулым» сияқты әртүрлі мағынасыз, мәнсіз, түкке татымайтын арзан дүниелер ашып тастаған телеканалдар да, екіншісі – инстадағы «жұлдыздар». Соларға қарап біреудің алдында, біреудің артында келе жатқанына шүкіршілік етуден қалып, мына ел дайын нәрсеге, тегін нәрсеге құмартып тұратын қайырымсыз, қатыгез болып барады. Мәдина Сәдуақасова отасқанына 7 жыл болғанын, байы өзінен 7 жас кіші екенін атап өткелі жатқанын жазыпты инстаға. Соны аз уақытта 4 миллион адам қарапты. 4 миллион адам! Қазір сонда бүкіл елдің тағдыры шешілгелі жатқандай қырғын пікірталас болып жатыр екен. Епт, біз сонша топас, надан болып кеткенбіз бе, немене?! 4 миллион дегенің халықтың тең жартысы ғой! Итке сүйек тастағандай қылып, халықты сондай тақырыпқа үймелетіп қойған әнші-құшнаштарда да ұят жоқ! 4 миллион адамды қорасындағы мал құрлы көрмей отыр ғой бұлар. Мәдинаның да, халықтың да деңгейі бір-біріне сай екен!", — деп жазды автор желідегі парақшасында. 

Соңғы жаңалықтар