"Иттер секілді атып тастар едім": Қуат Найман бұған дейін қандай өткір мәлімдемелерімен есте қалды? - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Иттер секілді атып тастар едім": Қуат Найман бұған дейін қандай өткір мәлімдемелерімен есте қалды?

"Иттер секілді атып тастар едім": Қуат Найман бұған дейін қандай өткір мәлімдемелерімен есте қалды?

«Найман» лақап атымен танымал аралас жекпе-жек өнерінің майталманы Қуат Хамитов дезинфекция жасайтындарды ұрып-соғып, аспанда ұшқан тікұшақтарға автоматпен оқ атуға кеңес беріп, кейін полицияға жеткізілген болатын.

  • 15 Қыркүйек 2020
  • 455
Фото - Caravan.kz

Caravan.kz медиа порталы елді дүрліктірген Хамитовтың осыған дейінгі өткір мәлімдемелерін назарларыңызға ұсынады.

"Балам гей болса иттер секілді атып тастар едім"

Танымал спортшы бірнеше ай бұрын ЛГБТ өкілдерін иттерше ату керек екенін айтқан болатын.

«Егер менің бауырым теріс жолға түссе, онымен мүлде араласпай кететін шығармын. Екіншідін, емдеуге тырысамын. Қалпты өмірге қайтаруға тырысамын. Егер оған көнбей жатса, өз дегенімен кетсе, онда өз балам болса да итше атып тастар едім. Баяғыда ауылдард қаңғырған иттерді атып тастап жатушы еді ғой. Сол секілді атып тастар едім», – деген болатын.

"Біздің аруларға үйлену туралы ойлағандардың өзін басын шабар едім"

Қуат Хамитовтың ерекшілігі елдегі қоғамдық-саяси оқиғаларға бей-жай қарамайды. Ол міндетті түрде өз пікірін білдіреді. Мәселен, шетелдік жігіттерге тұрмысқа шыққанның не сөкеттігі бар, деген қазақ қыздарына былай деген болатын:

Ұлтты жою үшін алдымен әйелдерін азғыру керек. Сонда олар нағыз жауынгер тәрбиелей алмайды. Менің ата-бабаларым ұрпағым Отанын сатсын, тәнін мен жанын саудаласын деп қан төккен жоқ. Қыздарымызды жатжұрттықтардың көз алдымызда алып кеткенін масқара күйде көрсін деп ер бабаларымыз төсектен безініп, қан майданда жан берген жоқ. Әттең, арғы аталарым Қабанбай дәуірінде тумағаныма өкінемін.Онда мен біздің аруларға үйлену туралы ойлағандардың өзін басын шабар едім!

"Гена бокстан кеткен жөн"


Сондай-ақ Қуат Хамитов Геннадий Головкин мен Джейкобстың жекпе-жегіне қатысты пікір білдіріп, көпшілік ұнамайтын сөз айтты."Найман" GGG-ді жеңісімен құттықтап, бұл жұдырықтасудың тең түскенін және Головкинге рингті ендігі босату қажет екені жайында ойлануды меңзеді:

"Жеңіс құтты болсын! Раунд бойынша 5-7 Джайкобстың пайдасына. Нокдаун бар. Минимум бұл ешкімге де тиесілі емес! Міне неге біздің Головкин мен Уордтың жекпе-жегін көре алмайтынымыз. Генаға бокстан кеткен жөн! Жасы келді", — деп жазды "Найман".

"Аспаннан тікұшақ көрсеңдер оларды автоматпен атыңдар"

Қуат Найманның соңғы елді дүрліктірген мәлдімдемесі ол — дезинфекция жасайтындарды ұрып-соғып, аспанда ұшқан тікұшақтарға автоматпен оқ ату болатын.

«Кеше ғана адамдар дезинфекциямен айналыса бастады, халықты улай бастады. Сондықтан, бұл адамдарды көрген кезде (ред. дезинфекциямен айналысушыларды), оларды ұрыңдар, тебіңдер, тас лақтырыңдар, ол адамдар халықты улауды доғаруы керек» — деген болатын.

Еске сала кетейік, Хамитов 14 қыркүйекте Алматы полициясына жеткізілген болатын. Бұған Хамитиовтың әлеуметтік желілерде зорлық-зомбылыққа шақырған видеосы себеп болды. Спортшы үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екені хабарланды.

Соңғы жаңалықтар