Иван Дычконың 1 желтоқсандағы жекпе-жегі кейінге қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Иван Дычконың 1 желтоқсандағы жекпе-жегі кейінге қалды

Иван Дычконың 1 желтоқсандағы жекпе-жегі кейінге қалды

Дычко рингке 16 желтоқсанда шығуды жоспарлап отыр.

  • 1 Желтоқсан 2017
  • 294
Фото - Caravan.kz


Қазақстандық боксшы Иван Дычко үшінші жекпе-жегін жоспарланған күннен бір апта кеш өткізеді, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Бастапқыда кесте бойынша Дычко 1 желтоқсанда Тампта (АҚШ, Флорида штаты) америкалық Ламарко Эллиспен кездесуі тиіс еді, бірақ бұл кездесу өтпейтін болды. Келесі жекпе-жегін Дычко 8 желтоқсанда өткізеді. Оның қарсыласы тәжірибелі америкалық Джамал Вудс (13-38-7, 10 КО).

Кейін Дычко рингке 16 желтоқсанда шығуды жоспарлап отыр. Алайда, қарсыласы әзірше белгісіз.

Екі жекпе-жек те АҚШ-та өтеді деп жоспарланған.

Соңғы екі Олимпиада ойындарында қола медаль алған 27 жастағы Дычко кәсіпқой боксқа 2017 жылы ауысқан. Ол 29 қыркүйекте АҚШ-та дебют жасаған, ал 13 қазанда екінші кездесуін өткізіп үлгерген.

Соңғы жаңалықтар