"Иванушки International" тобының әншісі Қазақстанның қаласындағы элиталық қонақ үйдің масқарасын шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Иванушки International" тобының әншісі Қазақстанның қаласындағы элиталық қонақ үйдің масқарасын шығарды

"Иванушки International" тобының әншісі Қазақстанның қаласындағы элиталық қонақ үйдің масқарасын шығарды

Ресейлік "Иванушки International" тобының әншісі Андрей Григорьев-Апполонов Ақтөбедегі ең тәуір деген қонақ үйдің ішкі жағдайына қайран қалған. 

  • 5 Қыркүйек 2017
  • 5034
Фото - Caravan.kz

Ол орналасқан бөлмесінің видеосын Instagram-дағы парақшасына салды, деп хабарлайды Caravan.kz.

Әншінің айтуынша, былай қарағанда әдемі көрінгенімен, бұл қонақ үйде мүлдем жағдай жоқ болып шыққан. Яғни бөлмедегі телефон да, тоңазытқыш та істемей тұр екен. 

"Осында салқын су алдырайын деп деп едім. Қарасам, телефоны жұмыс істемейді екен. Мұнда ішкі байланыс жоқ. Сондықтан әкімші өзінің ұялы телефонының нөмірін берді" дейді Апполонов.

Сондай-ақ, онда тоңазытқышты қосатын электр қуатының тетігі де жоқ екен. Әнші қонақ үй бөлмесінің дизайнына да таң қалыпты. 

"Бұл жердің дизайны "жатқан фен" екен. Ханымдар мен мырзалар, тамашалаңыздар" деп кекесінмен сөйлейді Андрей. 

Соңғы жаңалықтар