ІВМ-ның Қызметтік корпусы Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруды бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ІВМ-ның Қызметтік корпусы Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруды бастады

ІВМ-ның Қызметтік корпусы Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруды бастады

Бүгін Алматыда ІВМ корпорациясының Қызметтік корпусы Қазақстандағы алғашқы сапарының нәтижелерін жариялады.

  • 8 Шiлде 2011
  • 430
Фото - Caravan.kz

Маусым айының басында АҚШ, Бразилия, Жапония, Сингапур, Үндістан сияқты елдерден келген 13 қызметкер 4 апта бойы қаладағы 5 ұйымның жұмыстарын зерттеген болатын. Соның қорытындысы бойынша Алматының әкімшілік тиімділігі мен тартымдылығын арттыруға бағытталған бағдарламаларды дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеген.

Консультациялық жобалар аясында ІВМ Қызмет корпусының мүшелері Алматы қаласы әкімдігінің Ақпарат және талдау орталығымен бірлесіп, билік пен қоғамның электрондық өзара әрекеттесуін дамытудың стратегияларын әзірлеу, «Казнекс Инвест» агенттігінің қызметтерін дамыту бойынша интернет маркетинг стратегисы және тағы басқа міндеттерді шешкен.

Қазақстандағы ІВМ өкілдігінің басшысы Адам Досымов бұл Қызметтік корпустың көмегі үлкен маңызға ие екендігін айтады. «Басқа елдердегі осындай жобалардың жүзеге асырылу тәжірибесі ескеріле отырып, барлық топ мүшелері көп кезеңдік іріктеуден және ІВМ ішінде арнайы оқытудан өтті. ІВМ-нің Ресейдегі Қызметтік корпусының жұмысы ІВМ-нің жаһандық бастамасының бөлігі болып табылады, оның шеңберінде 2008 жылдың ортасынан бастап ІВМ Қызметтік корпусының 100 миссиясы Үндістан, Қытай, Бразилия, Румыния және тағы басқа әлемнің 50 мемлекетіндегі қоғамдық ұйымдарға көмек көрсетті», — деп атап өтті А. Досымов.

Жалпы Алматы қаласындағы жобалармен жұмыс жүргізу 2011 жылдың маусым айының 1-30 аралығында жалғасты.

Соңғы жаңалықтар