Бұл жөнінде Халықаралық ауыр атлетика федерациясының сайтында жарияланды. Қазақстандық спортшымен қатар 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасына қатысқан өзге 5 ауыр атлеттің де тыйым салынған дәрі-дәрмек пайдаланғаны қуатталды. Ұйымның қағидаттары мен ережелеріне сәйкес допингке қарсы тәртіпті бұзғаны үшін спортшылар істері жабылғанша жарыстардан уақытша шеттетіледі. Халықаралық Олимпиада комитеті шешімінен соң Ауыр атлетика федерациясы осы нәтижелерді басқаруды өз қолына алады.