IX Республикалық балалар экологиялық байқауының жеңімпаздары анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
IX Республикалық балалар экологиялық байқауының жеңімпаздары анықталды

IX Республикалық балалар экологиялық байқауының жеңімпаздары анықталды

Бүгін Алматыдағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш президентінің қорында «Қазақстанның қазіргі бейнесі» атты IX Республикалық балалар экологиялық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болып өтті.

  • 30 Маусым 2011
  • 844
Фото - Caravan.kz

Аталмыш іс-шара «Шеврон» корпорациясының «Жер — біздің ортақ үйіміз» атты экологиялық білім беру бағдарламасы аясында өткізілді. Республикалық байқау Қазақстанда 2002 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Шараның ұйымдастырушысы — Қазақ Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы.

Жобаның мақсаты — балаларды экология мәселесіне қатыстыру, жалпы жас өскінді экологиялық мәдениетке, отансүйгіштікке, қоршаған ортаны, елімізідің табиғи, мәдени байлықтарын, жеріміздің экожүйесін қорғау үшін азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеуге көмектесу болып табылады.

Байқауға Ә.Қастеев атындағы бейнелеу өнері және техникалық көркемдеу мектебі, сонымен қатар, 12 жастан 14 жасқа дейінгі елімізден әр жеріндегі арнайы көркемөнер мектептерінде оқитын талантты балалар қатысты. Байқау Қазақстанның 14 облысын, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларын қамтыды.

Аймақтық байқаулар қорытындысы бойынша түрлі тақырыптарда табиғат аясында өткен сабақтарға (пленэр), шеберлік-кластарға және отандық бейнелеу өнерінің танымал тұлғаларының дәрістеріне қатысқан 50 жеңімпаздың жұмысы таңдап алынды.

Байқау нәтижесі бойынша, Бас жүлдеге павлодарлық жас суретші Далия Асқарованың жұмысы лайық деп танылды. І жүлдені алматылық Ибрагимова Аяла жеңіп алды. ІІ-орын Өскемен қаласының жас суретшісі Елизавета Лубягинаға бұйырды. ІІІ-ші орынды қарағандылық жас талант иесі Уна Исламова жеңіп алды. Бұнымен қатар, «Қазақстанның сәулеттік ескерткіштері», «Қала пейзажы», «Футуристік жоба» аталымдарының жеңімпаздары марапатталды. Шараға қатысқан 50 жас суретші сыйлықсыз қалмады. Барлығы демеушілердің арнайы сыйлықтарымен марапатталды.

«Кәсіби суретші ретінде бүгін ел өмірінде маңызды оқиға болып жатыр деп санаймын. Экология — бүгінгі замандағы әлемнің ең өзекті мәселесі болып табылады. Балалар экология құқығының бір бөлігі екенін, жерді, табиғатты қорғау қажет екендігін, экологияға қатысты мәселелермен айналысу керек екендіктерін білулері керек»,-дейді әділ-қазылар алқасының төрағасы, танымал суретші Амандос Ақанаев.

Оның айтуынша, 50 жұмыстың барлығы өзінше ерекше және қызықты. «Ең үздік жұмысты таңдау өте қиын болды. Барлық жұмыс жоғары бағаға лайық. Жас суретшілердің бәрі шетінен шебер, бәрінің фантазиялары керемет, олардың ойлауы да, көзқарастары да басқаша»,-деп атап өтті ол.

Аталмыш іс-шара ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігінің, ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің, ҚР білім және ғылым министрлігінің, Алматы қаласы әкімдігінің, ҚР көркемөнер Академиясының, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының, Happylon отбасылық-ойын-сауық орталығының, «Сұңқар» сұңқар орталығының, «Көк-Төбе» тау саябағының, Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайының, «Ариал» гольф клубының, «Friendly Energy» компаниясының қолдауымен өткізілді.

Соңғы жаңалықтар