ИЫҰ бас хатшысы: Таяу Шығыстағы және солтүстік Африканың бірқатар елдеріндегі проблемаларды демократиялық жолмен шешу керек - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ИЫҰ бас хатшысы: Таяу Шығыстағы және солтүстік Африканың бірқатар елдеріндегі проблемаларды демократиялық жолмен шешу керек

ИЫҰ бас хатшысы: Таяу Шығыстағы және солтүстік Африканың бірқатар елдеріндегі проблемаларды демократиялық жолмен шешу керек

Ислам ынтымақтастығы ұйымының (ИЫҰ) бас хатшысы Экмеледдин Исханоглу Таяу Шығыстағы проблемаларды демократиялық жолмен шешуге шақырады.

  • 28 Маусым 2011
  • 734
Фото - Caravan.kz

«Біз Ливия қақтығысын саяси жолмен шешуге шақырамыз, дәлірек айтқанда, біз Ливия халқының құқықтық тәртіпті сақтау бойынша заңды талаптарын мойындаймыз. Мен өткен аптада Триполиге жоғары лауазымды делегацияны аттандырып, азаматтық халықтың арасындағы зорлық-зомбылықты тоқтатуға, гуманитарлық көмек көрсетуге мүмкіндік беруге шақырдым», — деді Э. Исханоглу ИЫҰ СІМК-нің 38-ші сессиясында.

Палестинадағы оқиғалар да мұсылман елдерінің алаңдаушылығын тудырып отыр. ИЫҰ бас хатшысының айтуынша, Израильдің Иерусалимді басып алуы палестинкалықтардың қасиетті орындары үшін үлкен мәселе болып қалуда. Соңғы айларда «Израиль жағының мұсылмандардың қасиетті жерлерін, Палестина халқының мүлкі мен меншігін күшпен тартып алу әрекеттері көбейіп кетті» деді.

«Жағдай тығырыққа тірелді. Сондықтан да біздің міндетіміз – палестиналықтардың шешіміне қолдау көрсетіп, БҰҰ-дан осы ұзақ қақтығысты шешуді талап етті. 100-ден аса ел Палестинаны мойындады, оның ішінде ИЫҰ-ға мүше болып табылатын 55 ел бар. Мен ИЫҰ-ның барлық елдерін Палестинаны 1956 жылға дейінгі шекараларында мойындауға шақырамын», — деді Э. Ихсаноглу.

Сонымен қатар, бас хатшы ИЫҰ Сирия қалаларындағы тәртіпсіздіктерге қатысты алаңдайтынын жеткізді.

«Біз бұл елді ұлттық диалогқа, Сирия үкіметі зорлық пен халық ішіндегі қақтығыстарды тоқтату үшін жариялаған реформаларды жүзеге асыруды жеделдетуге шақырамыз. Жақында Йеменде болған оқиғалар ішкі дағдарысты ұлттық диалог пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін билікті осы елге бейбіт жолмен беру қажеттігін қуаттап берді», — деді ол.

Сондай-ақ, ИЫҰ бас хатшысы Судандағы қарсыласушы күштерді тұрақтылық пен бейбітшілікке қол жеткізу үшін келіссөз жүргізуге, референдум шарттарын сақтауға шақырды.

Бұрын хабарланғандай, Ислам конференциясы ұйымының атауы Ислам ынтымақтастығының ұйымы деп өзгертілді. Сейсенбі күні ИЫҰ сыртқы істер министрлері кеңесінің сессиясы (ИЫҰ СІМК) барысында ұйымға мүше-мемлекеттер осындай резолюция қабылдады.

Соңғы жаңалықтар