ИЫҰ елдері Палестинаға тәуелсіз мемлекет мәртебесін беруді қолдайды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ИЫҰ елдері Палестинаға тәуелсіз мемлекет мәртебесін беруді қолдайды

ИЫҰ елдері Палестинаға тәуелсіз мемлекет мәртебесін беруді қолдайды

Ислам ынтымақтастығы ұйымына (ИЫҰ) мүше-мемлекеттер Палестинаға тәуелсіз мемлекет мәртебесін беруді қолдайды, деп мәлім етті ИЫҰ бас хатшысы Экмеледдин Ихсаноглу.

  • 30 Маусым 2011
  • 829
Фото - Caravan.kz

«Қатысушылардың бәрі (елдегі жағдайды — ҚазТАГ) бейбіт жолмен реттеуді, Палестина халқының өз жерлерін қайтару құқықтарын қалпына келтіруді, астанасы Шығыс Иерусалимде орналасатын тәуелсіз Палестина мемлекетін құруды қолдайды», — деді ол бейсенбі күні ИЫҰ СІМК 38-ші сессиясын қорытындылай отырып.

Бас хатшының айтуынша, қатысушылар «Палестинаның БҰҰ-ға оның толыққанды мүшесі ретінде кіру мүмкіндігін және кіру қажеттілігін мойындады».

Сессияның бірінші күні Э. Ихсаноглу Палестинадағы оқиғалар да мұсылман елдерінің алаңдаушылығын тудырып отыр деген болатын. ИЫҰ бас хатшысының айтуынша, Израильдің Иерусалимді басып алуы палестинкалықтардың қасиетті орындары үшін үлкен мәселе болып қалуда. Соңғы айларда «Израиль жағының мұсылмандардың қасиетті жерлерін, Палестина халқының мүлкі мен меншігін күшпен тартып алу әрекеттері көбейіп кетті» деді.

Сондай-ақ, журналистердің сұрақтарына жауап беру барысында бас хатшы ИЫҰ-ның Джиддада (Сауыд Арабстаны — ҚазТАГ) орналасқан штаб-пәтері Шығыс Иерусалимге ауыстырылатынын айтты.

«Біздің жарғымызда штаб-пәтеріміз уақытша Джиддада орналасқаны айтылған. Шығыс Иерусалим Палестина мемлекетінің астанасы болып жарияланысымен, біз бірден сонда көшеміз», — деді ол.

Сондай-ақ, ол «Палестина мәселесі, Иерусалим мәселесі Ұйымның күн тәртібінің жоғарғы жағында қалатынын» және «ИЫҰ-ның алдында тұрған басты мәселелер болып табылатынын» айтты.

Палестина мемлекеті қазір құрылу процесінде. Палестина мемлекетін Иордан өзенінің батыс жағалауында (немесе оның бір бөлігін Шығыс Иерусалим аумағында) және Газа секторында орналастыру жоспарланған.

Палестина мемлекеті 1988 жылдың 15 қарашасында Алжирде Палестина ұлттық кеңесінің сессиясында жарияланды. Дегенмен 1994 жылдан бері Израиль мен Палестинаны азат ету Ұйымының (ПАҰ) арасындағы 1993 жылдың 13 қырқүйегіндегі келісімге сәйкес, Палестинаның ұлттық әкімшілігі (ПҰӘ) құрылды. ПАҰ Израильмен ақырғы келісімге қол жеткізілгенге дейін Палестинаның тәуелсіздігін жариялауға мораторийді ұстанып отыр және өзін ресми түрде Палестинаның ұлттық әкімшілігі деп атайды.

Палестина мемлекетін 98 мемлекет ресми таныған және ол Араб елдері лигасына кіреді, бірақ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің үш тұрақты мүшесі – АҚШ, Ұлыбритания және Франция, сондай-ақ, Еуроодақ елдерінің көпшілігі, Жапония, басқа да біраз мемлекеттер мойындамағандықтан, БҰҰ-ның толық құқылы мүшесі ретіндегі мәртебесі жоқ.

Соңғы жаңалықтар