Жарияланды: 330

ИЫҰ елдерінде бірыңғай халал стандарты енгізіледі

ИЫҰ елдерінде бірыңғай халал стандарты енгізіледі

Біріккен араб әмірліктерінің (БАӘ) стандарттау және метрология жөніндегі ведомствосы халал азық-түлік пен косметика өнімдерін бірыңғай стандарттау жұмысын қолға алды. Алдағы екі жылда бұл жаңа стандарттарды 57 мұсылман елінде пайдаланатын болады, деп хабарлайды muslim.kz сайты muslimeco.ru сайтына сілтеме жасап.

Ведомствоның бас директоры Мұхамммед Салех Бадридің (Mohammad Saleh Badri) айтуынша, Ислам ынтымақтастық ұйымы (ИЫҰ) бұл халал стандарттарын бекіткеннен кейін стандарт мұсылман емес елдерге экспортталатын азық-түлік өнімдеріне қолданылады. Сонымен қатар, ол жаңа стандарттың арқасында халал сертификатқа кеткен уақыт пен материалдық шығын 30-50 пайызға қысқаратынын айтты. Жаңа бірыңғай стандартты бұзған жағдайда халал сертификат кері қайтарылады. Жуырда ғана БАӘ-нің халал азық-түлік пен косметика өнімдерін стандарттау жөніндегі техникалық комитеттің төрағалығына тағайындалғанын естеріңізге сала кеткіміз келеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін