Ведомствоның бас директоры Мұхамммед Салех Бадридің (Mohammad Saleh Badri) айтуынша, Ислам ынтымақтастық ұйымы (ИЫҰ) бұл халал стандарттарын бекіткеннен кейін стандарт мұсылман емес елдерге экспортталатын азық-түлік өнімдеріне қолданылады.
Сонымен қатар, ол жаңа стандарттың арқасында халал сертификатқа кеткен уақыт пен материалдық шығын 30-50 пайызға қысқаратынын айтты.
Жаңа бірыңғай стандартты бұзған жағдайда халал сертификат кері қайтарылады.
Жуырда ғана БАӘ-нің халал азық-түлік пен косметика өнімдерін стандарттау жөніндегі техникалық комитеттің төрағалығына тағайындалғанын естеріңізге сала кеткіміз келеді.