Жарияланды: 530

ИЫҰ саммиті 2 жылда бір рет өтеді

Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) мемлекет басшыларының саммиті 2 жылда бір рет өткізіліп тұратын болады, деп ҚР СІМ басшысы, ИЫҰ сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) 38-ші сессиясының төрағасы Ержан Қазыханов мәлім етті.

«ИЫҚ мемлекеттері ұйымның саммитін бұрынғыдай үш жылда бір рет емес, екі жылда бір рет өткізіп тұру туралы шешім қабылдады», - деді ол бейсенбі күні ИЫҰ СІМК 38-ші сессиясының қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында. Е. Қазыханов сондай-ақ СІМК кезекті саммиті Джибутиде өтетінін жеткізді. Еске салсақ, мемлекет және үкімет басшыларының 11 саммиті, оның ішінде кезектен тыс 3 саммиті өтті. 11-ші саммит 2008-ші жылы Дакарда өтті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін