Жарияланды: 500

ИЫҰ-ға мүше болуға 4 ел өтініш берді; 7 мемлекет бақылаушы мәртебесін сұрады

Ислам ынтымақтастығы ұйымына (бұрынғы Ислам конференциясы ұйымы) толыққанды мүше болу туралы 4 ел өтініш берді, деп мәлім етті ИЫҰ бас хатшысы Экмеледдин Ихсаноглу.

«Бізге бірнеше өтініш түсті(ИЫҰ-ға мүшелікке өту туралы - ҚазТАГ). Бәрі сәйкес критерийлер қабылданатынын күткендіктен, ол өтініштер ресми өтініш түрінде түскен жоқ. Бүгін біз бұл критерийлерді ресми мақұлдадық. Мүшелікке өту туралы өтініштерді Конго, Маврикия, Орталық Африка республикасы және Кения түсірді», - деді ол ИЫҰ сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) 38-ші сессиясының қорытындысы бойынша. Сонымен қатар, 7 мемлекет бақылаушы мәртебесін сұраған, деді бас хатшы. Бұл - ОАР, Шри Ланка, Филиппин, Сербия, Непал, Беларусь жәнеБразилия. «Біз Джиддаға оралып(ИЫҰ-ның штаб-пәтері орналасқан - ҚазТАГ), бұл елдердің бәріне қабылданған критерийлерді жібереміз. Сосын талаптарды ескере отырып, өтініштерін қайта жолдауды сұраймыз», - деді Э. Ихсаноглу. Бас хатшы сессияның қорытындысын шығара отырып, «алғашқы сәттен соңғы сәтке дейін бәрі ынтымақтастық руһын сезінгенін» жеткізді. «Бәріміз де президент Назарбаевтың сөздерін, ұсыныстары мен терең көрегендігін жоғары бағаладық», - деді ол. Э. Ихсаноглу Қазақстан төрағалық ету кезінде жаңалықтар енгізеді деген үміт білдірді. «Бұл ел ғажайыптарға қол жеткізді, біз бұл мұсылман елін мақтан етеміз. Соңғы бір жылда сіздің шебер төрағалықтарыңызбен экономикалық және саяси салаларда жаңа жетістіктерге қол жеткіземіз деп үміттенеміз», - деді ИЫҰ бас хатшысы.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін