ИЫҰ-ның толық құқықты мүшесі болуға және бақылаушы мәртебесін алуға ниетті елдер үшін жаңа талаптар әзірленді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ИЫҰ-ның толық құқықты мүшесі болуға және бақылаушы мәртебесін алуға ниетті елдер үшін жаңа талаптар әзірленді

ИЫҰ-ның толық құқықты мүшесі болуға және бақылаушы мәртебесін алуға ниетті елдер үшін жаңа талаптар әзірленді

Астанада Ислам ынтымақтастық ұйымының толық құқықты мүшесі болуға және бақылаушы мәртебесін алуға ниетті елдер үшін жаңа талаптар әзірленді.

  • 30 Маусым 2011
  • 434
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ИЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесі 38-ші сессиясының жабылу салтанатында ұйымның бас хатшысы Э. Ихсаноғлу мәлім етті.

«Осындай бірқатар өтініштер бар, олардың кейбіреулері әлі ресми өтініш ретінде қабылданбады, себебі барлығы сәйкес талаптардың қашан қабылданатындығын күтіп отыр және де Конго, Маврикия және Кения сияқты елдердің ұйымның толық құқықты мүшесі болу туралы бұрын білдірген өтініштері бар», — деп атап өтті ол.

Э. Ихсаноғлудың айтуынша, Оңтүстік Африка Республикасы, Шриланка, Филиппин, Сербия, Непал, Беларусь және Бразилия сияқты елдер бақылаушы мәртебесін алуға өтініш білдірген.

«Сыртқы істер министрлер кеңесі талаптарды бекіткендіктен, біз ол елдерге осы талаптарды жібереміз де осы талаптарды ескере отырып өтініштерін қайтадан жіберуді сұраймыз», — деді ИЫҰ Бас хатшысы.

Соңғы жаңалықтар