"Іздеу" шарасы аясында полиция қылмысқа қатысы бар 384 күдіктіні ұстады - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Іздеу" шарасы аясында полиция қылмысқа қатысы бар 384 күдіктіні ұстады

"Іздеу" шарасы аясында полиция қылмысқа қатысы бар 384 күдіктіні ұстады

Ішкі істер органдары жүзеге асырып жатқан "Іздеу" шарасы аясында полиция сәуір айында қылмысқа қатысы бар күдіктілер ретінде 384 адамды ұстады. Бұл туралы бүгін, 26-сәуірде Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ қылмыстық полициясының департамент төрағасының орынбасары Нұрлан Құсайынов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 26 Сәуiр 2005
  • 397
Фото - Caravan.kz

Н.Құсайыновтың нақтылауынша, шұғыл-профилактикалық «Іздеу» шарасы 16-24- сәуір аралығында іске асырылды. «Шара сот және тергеу мекемелерінен жасырынып жүрген адамдарды іздеп табуға бағытталды және оған ішкі істер мекемелерінің қызметкерлер құрамы мен техникасы толыққанды тартылды»,- деді ол.

Н.Құсайыновтың айтуынша, осы жолы ұсталған 59 адамға бұрнағы жылдары іздеу жарияланған. Атап айтсақ, ауыр және аса ауыр қылмысқа барғаны үшін 62 адамға, соның ішінде кісі өлтірген 9, қарақшылық шабуыл жасаған 17, қыз зорлаған 5, тонаушылық жасаған 16, адамның денсаулығына ауыр зардап шектірген 10, бопсалау оқиғасы үшін 5 адамға іздеу жарияланған.
Н.Құсайынов сонымен бірге , шұғыл-профилактикалық «Іздеу» шарасының нәтижесінде ТМД аумағында қылмыс жасап, Қазақстанда жасырынып жүрген 11 адам, соның ішінде Ресейден 7, Украинадан 1 және Өзбекстаннан 3 адам қолға түскенін атап өтті.

Перейти к новостям спорта