"Іздеу" шарасының аясында полиция қылмыскер деп танылған 348 күдіктіні ұстады - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Іздеу" шарасының аясында полиция қылмыскер деп танылған  348 күдіктіні ұстады

"Іздеу" шарасының аясында полиция қылмыскер деп танылған 348 күдіктіні ұстады

ҚР ІІМ органдары 24-қаңтар мен 2-ақпан аралығында жүзеге асырған "Іздеу" шарасының аясында қылмыскер деп танылған 348 күдіктіні ұстады. Бұл туралы бүгін , 7-ақпанда өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ-нің қылмыстық полициясы департаментінің бастығы Сұлтан Күсетов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

  • 7 Ақпан 2005
  • 385
Фото - Caravan.kz

С.Күсетовтың хабарлауынша, ұсталғандар арасында кісі өлтірген күдікті деп танылған 8, қыз зорлаған 12, тонаушылық жасаған 24, қарақшылық шабуыл жасаған 15 адам бар.

Департамент төрағасы 2005-жылдың басынан бері халықаралық іздеуде 119 адам болғанын, олардың 19-ын тұтқындауға санкция берілгенін хабарлады. Ал былтырғы жылдың басында 165 адам халықаралық іздеуде болған.
Сонымен бірге ҚР ІІМ қылмыс жасаған күдікті және хабар-ошарсыз кеткен 58 адамға Интерпол арқылы халықаралық іздеу жариялауға материалдар дайындады.

Перейти к новостям спорта