Іздеуде жүрген қазақстандық банкир Өзбекстан төлқұжатымен саяхаттаған - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Іздеуде жүрген қазақстандық банкир Өзбекстан төлқұжатымен саяхаттаған

Іздеуде жүрген қазақстандық банкир Өзбекстан төлқұжатымен саяхаттаған

Жеті жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық банкир Өзбекстанның төлқұжатымен саяхаттап келген, деп хабарлайды alau.kz.

  • 6 Сәуiр 2017
  • 356
Фото - Caravan.kz

2010 жылы Шымкент тұрғыны, екінші деңгейлі банктің бұрынғы директорына 590 миллион теңге жымқырғаны үшін халықаралық іздеу жарияланған еді. Ол полициядан түрлі елдерде жасырынып келген. Шымкентте оның жұбайы мен екі баласы қалған. Осы уақытқа дейін оның отбасы да, өзі де ақшадан таршылық көрмей келген. Оның төлқұжатына қойылған түрлі елдердің мөртабаны миллионер-банкирдің тек ұшақпен саяхаттағанын көрсетті. 23 наурыз күні ол танысымен бірге «Infiniti» жеңіл автомобилімен Ресей шекарасын кесіп өтеді. Ал, қазақстандық шекара қызметінің қызметкерлері оның төлқұжатынан күдіктенеді. Құжат Өзбекстан азаматы Мақсат Айматовтың атына жасалған. Оның ішінде тек бір-екі беті бос болса, ал қалған беттері шетелдік шекара мөртабандарымен толтырылған. Кейін анықталғандай, оның құжаты жалған, ал есімі шынайы емес болып шықты. Күдікті азаматты саусақ ізі бойынша дактилоскопиялық есеп арқылы тексерген Қостанай облыстық ІІД өкілдері оның іздеуде жүрген шымкенттік миллионер, бұрынғы банк директоры екендігі анықтады. Бірнеше күннен кейін аталмыш іс бойынша барлық материалдар, яғни жалған Өзбекстан азаматы Мақсат Айматовтың барлық деректері Шымкент қалалық полиция қызметкерлеріне берілді.



 

Соңғы жаңалықтар