«Тәжікстан аумағында есірткі тасымалдағандығы үшін айыпталған жігітті полиция қызметкерлері Теміртауда өткен жексенбіде базардан ұстап алған. Ол әшкереленетіндігін күтпегендіктен қарсылық көрсеткен», деп хабарлады дүйсенбіде «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне облыстық департаменттің мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының бастығы Жанатай Сембеков.
Ұсталған жігіт изоляторда, оны Тәжікстанға экстрадициялау мәселесі шешілуде.