ИЖТМ әкімдіктерге шілденің соңына дейін жаңа жылыту маусымы үшін көмір жеткізілімдері туралы келісімдерге отыруға кеңес берді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ИЖТМ әкімдіктерге шілденің соңына дейін жаңа жылыту маусымы үшін көмір жеткізілімдері туралы келісімдерге отыруға кеңес берді

ИЖТМ әкімдіктерге шілденің соңына дейін жаңа жылыту маусымы үшін көмір жеткізілімдері туралы келісімдерге отыруға кеңес берді

Облыс әкімдіктері жаңа жылыту маусымына дайындық барысында 1 тамызға дейін бюджеттік, коммуналдық-тұрмыстық ұйымдар мен халыққа көмір жеткізілімдері туралы келісімдерге отыруға тиіс, делінген ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің ақпаратында.

  • 29 Маусым 2011
  • 467
Фото - Caravan.kz

Құжатқа сәйкес, ҚР индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Бақытжан Жақсалиевтің төрағалық етуімен облыс әкімдіктерімен, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ (ҚТЖ), көмір өндіруші жәнн энергетикалық кәсіпорындармен алдағы жылыту кезеңіне дайындық мәселесі бойынша кеңес өтті.

Кеңестің қорытындысы бойынша қатысушылардың арасында меморандумға қол қойылды, оған сәйкес, облыс әкімдіктеріне 2011 жылдың 1 тамызына дейін көмір сатып алуға тендерлерді аяқтап, отын жеткізілімдері туралы келісімдерге отыруды ұйымдастырып, 2011 жылдың 25 шілдесіне дейін көмір өндіруші компаниялармен олардың айлар бойынша арту біркелкілігін ескере отырып, көмір жеткізу кестесін келісу туралы кеңес берілді, делінген ИЖТМ сәрсенбі күні таратқан хабарламасында.

Көмір өндіруші кәсіпорындарға электр станцияларына ҚТЖ-мен келісілген кестелерге сәйкес, сондай-ақ, облыстардың бюджеттік ұйымдарына, коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындары мен халыққа көмір жеткізілімдерін қамтамасыз ету туралы кеңес берілді.

Қуат өндіруші кәсіпорындарға көмір өндіруші кәсіпорындардың ҚТЖ-мен келісілген кестелеріне сәйкес, 2011 жылдың 1 қазанынан бастап жылыту маусымын бастау үшін қажет көмірдің барынша көп қорын қамтамасыз ету туралы кеңес берілді.

Соңғы жаңалықтар