Израиль авиациясы Газа секторына бірнеше дүркін соққы берді
Дүйсенбіге қараған түні Израиль Әскери-әуе күштері Газа секторы аумағын соққылады, деп осы елдің әскери басшылығы мәлімдеді. Израиль палестиндіктер зымыран атқылаған аймаққа, Газа секторына тыйым салынған тауарлар мен қару-жарақ әкелінетін тоннельді атқылаған. Жексенбіде ресми Тель-Авив сенбі күні Израиль аумағына жасаған соққысы үшін секторды билеп отырған ХАМАС қозғалысы жауап береді деп ескерткен болатын. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін