Бұған дейін ел парламенті азанды дауыс зорайтқышпен айтуға болмайды деген заңды мақұлдап, мәжілістің қарауына жіберген болатын. Алайда “Бірлескен Тәурат” партиясының қарсылығымен заң жобасына дауыс беру кейінге қалдырылған еді.
Ел парламенті бұл ретте “азан дауысы шу тудырады” дегенді желеу етіп, қабылдағысы келмейтін сыңай танытуда. Ал өзінің жеке қарсылығын мемлекетік мінберде азан шақыру арқылы білдірген депутат сынның астында қалды.
Израильдің бұлайша азанға ашық қарсылық танытуы, Палестина және басқа да мұсылман мемлекеттерінің наразылығын туындатуда.