Израильде орман өртінен 4 адам зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Израильде орман өртінен 4 адам зардап шекті

Израильде орман өртінен 4 адам зардап шекті

 

  • 19 Шiлде 2011
  • 421
Фото - Caravan.kz


Израильде орман өртеніп жатыр. Иерусалим маңында шыққан тілсіз жаудан бірқатар мұражай мен ірі газ қоймасының қызметкерлерін шұғыл құтқаруға тура келді.

Құрғақшылықтан шыққан өрт ауқымды орманды лезде күлге айналдырды. Сондай-ақ тілсіз қаланы көгілдір отынмен қамтамасыз етіп отырған ең ірі қоймалардың біріне қауіп төндірген. Ұшқын бұл аумақа жеткенде жойқын жарылыс болып, тұтас бір аймақ жарықсыз, газсыз қалатын еді дейді Израильдің Төтенше жағдайлар қызметі. Дегенмен әуе күштері мен жерде шұғыл алдын-алу шарасы жүргізіліп, қауіптің беті дер кезінде қайтарылған. Тілсіз жаудан 4 адам зардап шекті. Жергілікті полиция өрт қасақана қойылған деп отыр. Осыған байланысты қылмыстық іс қозғап, күдіктілерге іздеу жарияланды.

Соңғы жаңалықтар