Экономика министрі инфляцияны қалай азайтатынын айтып берді - kaz.caravan.kz
  • $ 507.05
  • 594.82
-7 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Экономика министрі инфляцияны қалай азайтатынын айтып берді

Экономика министрі инфляцияны қалай азайтатынын айтып берді

Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин инфляцияны төмендету үшін қандай шаралар қолға алынғанын айтып берді

  • 21 Қаңтар
  • 6
Фото: Shutterstock

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Инфляцияны 9-11%-ға дейін, орташа 10%-ға дейін төмендету үшін шаралар қабылданады.

— Азық-түлік тауарларының отандық өндірісін ұлғайтуға және ішкі нарықты молықтыруға, тауар нарықтарында теңгерімсіздіктерді болдырмауға, өнімді тиімді сақтау және тасымалдау бойынша инфрақұрылымды дамытуға баса назар аударылатын болады, — деді С. Жұманғарин бүгінгі Үкімет отырысында.

Сонымен бірге, осы жылдан бастап әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі 19-дан 31-ге дейін кеңейтілді.

— Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне тарифтердің өсуінен инфляцияға әсер инфляцияның нысаналы параметрлеріне байланысты шектелетін болады, — деп толықтырды министр.