Энергокадр: Қазақстан бейбіт атомды игере ала ма? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Энергокадр: Қазақстан бейбіт атомды игере ала ма?

Энергокадр: Қазақстан бейбіт атомды игере ала ма?

Қазақстан атоммен етене таныс мемлекет. Жер астынан алынатын уран рудасынан бастап, жылдам нейтрондағы технологиялық реакторға дейін көргенбіз.

  • 10 Қыркүйек
  • 18
Фото: ашық дереккөз

Көбіміз біле бермейміз, бірақ бізде жұмыс істеп тұрған ядролық реактор баяғыдан бері бар. Алматы маңындағы Ядролық физика институтында ВВР-К реакторы 60 жылдардан бері істеп келеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Қаржы маманы Айбар Олжаев Қазақстанның әлеуеті жайлы сөз қозғады.

2017 жылы оған күрделі жөндеу жасап, жаңарттық. Қуаты 6 Мвт болады, одан біз медициналық радиоизотоптар, радиациямен әрленген топаз, өңделген кремний аламыз. Және үлкен реакторға салатын ядролық отынды сынап жүрміз.

Бұл қазір Қытай, Корея, Франция мен Ресей ұсынып отырған су-бу энергетикалық реактор технологиясымен жасалған. АЭС-ке қойылатын үлкен өндірістік реактордың шағын түрі.

Осы реактордың алдынан көптеген отандық мамандар өтті. Жалпы Қазақстанның атом саласында 20 мың адам қызмет ететінін біле бермейміз. Атом деген міндетті түрде реактор емес. Мысалы, Курчатов қаласында Ядролық орталық бар. Бірақ ол жерде атом энергетикасымен емес, ғылыммен айналысатын мамандар жұмыс істейді. Сонда 20 мың адам дегенде, оның құрамына Курчатов, Өскемендегі Үлбі металлургия зауыты, Алматыдағы Ядролық физика институты, одан бөлек ядролық физика бағытындағы жоғарғы оқу орындары, «ҚазАтомПром» ұлттық компаниясы мен уран рудниктерінде жұмыс істейтін оның еншілес ұйымдарының барлық қызметкерлері кіреді.

Қазір жасалған есеп бойынша АЭС салынып біткенде, онда тұрақты түрде жұмыс істейтін 2 мың адам қажет болады. Ал сол 2 мың адамның ішінде 20 пайызы, демек 300-400-і ғана атом реакторы, ядролық энергетика бойынша жұмысқа тартылады. Сарапшылар, Қазақстан бойынша сол 300-400 адамды іріктеп алу қиын болмайды деп отыр. Бастысы, егер реактор технологиясы таңдалса (Оңтүстік Корея — APR-1400, Франция – EPR, Ресей – ВВЭР-1200), сол технология бойынша мамандарды оқыту басталады.

Қазақстан атоммен етене таныс мемлекет. Жер астынан алынатын уран рудасынан бастап, жылдам нейтрондағы технологиялық реакторға дейін көргенбіз. Сондықтан АЭС-ке отандық кадр табу мәселесінде проблема жоқ. Бұл күндері реактордың жанында жүрген отандық маманнан бастап, ядролық физика бағытындағы студенттер қарасы жетіп артылады.

Ғылым мен білім технологияға ұмтылудан басталады. Кезінде КСРО басымызға бомба жарды деп, қазір бейбіт атомнан бас тарту бұрыс қадам болады. Себебі қазір КСРО емеспіз. Энергия көздерін толық әртараптандырып, оның барлық аспектілерін: көмір (жаңа ТЭЦтер), су (жаңа ГЭСтер), күн (панельдер), жел (турбина), атом (АЭС) реттеп қоймасақ, күн сайын өсіп жатқан халқымыз бен экономикамызды қамтамасыз ете алмаймыз.