Йель ғалымдары Жер шарында қанша ағаш бар екенін есептеп шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Йель ғалымдары Жер шарында қанша ағаш бар екенін есептеп шықты

Йель ғалымдары Жер шарында қанша ағаш бар екенін есептеп шықты

Жер бетінде өсетін ағаштар саны адамдар осыған дейін болжап келген шамадан көптеу болып шықты.

  • 3 Қыркүйек 2015
  • 470
Фото - Caravan.kz

Американың Йель университетінің ғалымдары олардың саны 3 трлн-нан сәл асатынын санап шықты, деп жазады Би-би-си.

Томас Кроутер бастаған ғалымдар спутник суреттерін саралай отырып, Жер шарындағы ағаштарды санап шыққан. Олардың дерегіне сүйенсек, біздің планетамызда 3,04 триллион ағаш өседі.

Кроутер өздері есептеп шыққан бұл деректі жақсы көрсеткіш ретінде де, жаман көрсеткіш ретінде де қарауға болмайтынын айтады. Себебі, ағаштардың саны адамдардың әрекетіне байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, жылына ғаламшарда 15 млрд ағаш оталып, 5 млрд көшет отырғызылады екен. Яғни, әр жыл сайын Жердегі ағаш саны 10 млрд-қа кеміп отыр.

Компьютерлік модель көрсеткендей, адамзат өркениетіне дейін Жерде 5,6 триллион ағаш өсіп тұрған.


Соңғы жаңалықтар