Жарияланды: 410

Йемен астанасының әуежайы жабылды

Йемен астанасының Халықаралық әуежайы бүгін Сана қаласында әскерлер мен кейбір тайпа жауынгерлері арасындағы атыс салдарынан жұмысын тоқтатты, деп батыстың БАҚ-ы хабарлады.

Әуежайдан шамамен 10 шақырым жердегі қаланың солтүстік бөліктерінің бірінде ұрыс қатты болуда. Бұдан бұрын йемен тайпаларының біразының басшылары жауынгерлері тайпа әулеттерінің бірінің басшысы Садека аль-Ахмарға көмекке бет алғанын мәлімдеді. Жауынгерлер соңғы күндері Санадағы бірнеше үкіметтік ғимаратты басып алды. С.аль-Ахмар - А.АСалеханың бұрынғы одақтасы. Биыл наурыз айында ол үкіметке қарсы шараларға қосылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін