Қала көтерілісші хуситтердің бақылауында болған еді.
Жанкештілер мешіттердің бірінде екі жарылғыш затты іске қосқан.
Оқиға салдарынан кем дегенде 15 адам қаза тауып, көптеген азаматтың жарақаттанғаны туралы хабарланып отыр.
Би-би-сидің хабарлауынша, Хусит содырлары наурыз айында Йемен аумағының көп бөлігін, соның ішінде Сана қаласын да жаулап алып, оның президентін елден қуып шығарды.
БҰҰ-ның мәліметтерінше, соңғы төрт айдың ішінде Йеменде болған қақтығыстар салдарынан 4,5 мыңға жуық адам қаза тапқан. Оның арасында кем дегенде 2110 бейбіт тұрғын болған.