Йемен шенеунігі 9 жасар қыздың тойына кедергі жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Йемен шенеунігі 9 жасар қыздың тойына кедергі жасады

Йемен шенеунігі 9 жасар қыздың тойына кедергі жасады

Йемен адам құқығы бойынша министрлігінің маманы тоғыз жасар қыздың тойын болдырмады.

  • 11 Қараша 2013
  • 311
Фото - Caravan.kz

Хиба есімді қыз елдің оңтүстігіндегі Таиз қаласында 8 қараша күні тұрмысқа шығуы тиіс болатын. Мұндай шешімді әкесі қабылдаған. Ал қыздың анасы қайтыс болған. Тойдың өткелі жатқаны жайлы хабарды адам құқығы бойынша министрліктің жергілікті бөлімінің шенеуніктерінің бірі білген, деп хабарлады MIGnews.

Министрлік өкілі Хиба тұратын ауданның полиция бөліміне хабарласқан. Бұл іске полиция араласып, тәртіп сақшылары Хибаның әкесін қызын күйеуге бермеуге көндірді.